«Ақжол» не атқарды?

Сараптама
01.07.2014, 18:25

 

Парламент депутаттары күні кеше екі ай мерзімге демалысқа кетті. «Қыркүйекте қайта жиналғанша!» деп қош айтысқан халық қалаулылары осы саяси маусымда қандай жұмыстар атқарды? Пропорционалды сайлау жүйесіне негізделген сайлау жүйеміз болғандықтан алдымен Парламентке өткен партиялардан бастауды жөн көрдік. Кеше «Нұр Отанның» қоғамдық шараларын тізген едік. Бүгін Ақжолдың атқарғандарымен бөлісейік.

 

Ақжол демократиялық партиясының Парламенттен орын алуының, яғни, сайлауда жеңіске жетуінің басты кілті – Алаш идеясы. Бұл саяси партияның заң шығарушы органда бірнеше мәрте өткір депутаттық сауалдар жолдады.

 

Былтырғы сессияны Ақжол партиясының депутаттары хан Кененің басына сұрау салу туралы мәселе көтеріп, жоғары нотада аяқтаған.

 

Биыл да, бизнеске қолайлы жағдай жасау, әкімшілік тексерістерді қысқартумен қатар жастар проблемаларына ерекше ден қойды. Облыстарда бизнес өкілдерімен түрлі деңгейдегі кездесулер мен отырыстар ұйымдастырды. Алаш қозғалысы - ұлттық кәсіпкерліктің негізі сияқты дәстүрлі жиындары тағы бар.

 

Демографияны дамытудың негізге алу керектігін алға тартып, жастардың баспана жырын шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Төрт баласы бар отбасы пәтерге 50 пайыздық жеңілдікпен қол жеткізуі тиіс деген жобаны халық дүркірей қолдағанымен, әзірге оны іліп әкеткен Үкімет көрінбейді...

Алаш зиялыларының шығармашылық мұрасын және олардың принциптік көзқарастарын зерделеу, жалпы ұлттық құндылықтарымызды қазіргі заманғы Қазақстан қоғамына насихаттап тарату мақсатында байқау өткізуді дәстүрге айналдырды. Жыл соңында «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауын өткізді.

 

Сұхбат

PhotoRoom