«Шымкент—Қазақстандағы үшінші мегаполис» атты инвестициялық кездесу өтті

Жаңалықтар
15.05.2016, 13:16

«ШЫМКЕНТ—ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС» 

тақырыптың астына қой

Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен

«Шымкент—Қазақстандағы үшінші мегаполис» атты инвестициялық кездесу өтті. Кездесуде  шаһардың

инвестициялық мүмкіндіктері сөз болып, үшінші қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы

заманауи жобалар таныстырылды.

1

Қуантарлығы, Елбасы Н.Назарбаев Шымкентке келген сайын қаланың шырайланып келе жатқанын, көркем

көрінісін әрқашан назарынан тыс қалдырмайтындығын үнемі айтып келеді. Елбасы тапсырмасына орай

Шымкент болашақта өзгеше бағытпен дамып, қала іргесі жаңа қалашықпен толығады. Қазіргі таңда қаланың

агломерациясына оң әсер ететін жобалардың бірегейі «Тұран» шағын ауданында бой көтеретін

«Shymkent City» қалашығының жобасы әзірленіп, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2

Бұл реткі  инвестициялық пікірлесудің мақсаты—климаты  жанға жайлы, инфрақұрылымы дамыған

Шымқалаға ел іші-сыртындағы  инвесторларды тарту. Сол арқылы қаламызды Оңтүстіктегі кәсіпкерлер

қызыға келіп, қимай кететін инвестициялық мегаорталыққа айналдыру көзделген.

3 

Айта кетерлігі, осы жылғы бюджеттен инженерлік-коммуникациялық жүйелердің құрылысына 1,9 млрд. теңге

бөлініп, жалы инвестиция көлемі 274,6 млрд.теңге, о.і. жеке инвестициялар 172,3 млрд.теңгені құрады.

Бұл дегеніміз қалада  кәсіпкерліктің уақыт өткен сайын дамып келе жатқандығын түсіндіреді.

4,

Сұхбат

PhotoRoom