ОҚО: Түлкібас аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Жаңалықтар
16.05.2016, 20:31

Жанар 1(1)Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған Жанар Бектаева Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Шымкент қаласында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент бөлімшесінде «Саясаттану» мамандағы бойынша білім алған және осы мамандық бойынша магистратураны тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент институтының «Саясаттану» кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2006-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінде бас маман, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ОҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас инспектор қызметтерін атқарған.

Ж.Бектаева аудандағы ішкі саясат, жұмыспен қамту, мәдениет, экономика және қаржы салаларын басқаратын болады.

Жаңа лауазымдағы қызметінде Жанар Әлібекқызына сәттілік тілейміз!

Сұхбат

PhotoRoom