Жамбылда мемлекеттік рәміздер мерекесіне 50 мың тұрғын қатысқан

Жамбыл облысы
04.06.2016, 20:51

DSC_0005Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Атаулы күнді жамбылдықтар кең көлемде атап өтті. Мемлекеттік рәміздер күні аясында облыста Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Мемлекеттік рәміздерді дәріптейтін 170-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 50 мың тұрғын қатысты.

Бұл күні барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері (облыстық басқармалар, департаменттер, аудан әкімдіктері, мемлекеттік және білім беру мекемелері) Гимнді бір мезетте шырқады. Жоғары оқу орындарының қызметкерлері де бұл шарадан тыс қалмай, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді.

Еске салсақ, 1992 жылғы 4 маусым күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

Сұхбат

PhotoRoom