Жамбылдық жастар мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтті

Жамбыл облысы
05.06.2016, 00:51

DSC_0024Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, жастар арасында бірқатар патриоттық акциялар өтті.

Бұл күні Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов саябағында Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Face art» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздер бойынша викториналық сұрақтар қойылды. Патриоттық сезімді нығайту мақсатында «Body art» мамандары жасөспірімдерге мемлекеттік рәміздер бейнеленген суреттер салды. 

Қаланың белсенді жастары осы күні «Рәміздерім - мақтанышым» акциясы аясында қоғамдық көліктерде тұрғындарға мемлекеттік рәміздер бейнеленген стикерлер таратып,  рәміздердің маңыздылығын айтып өтті. Патриоттық рухты нығайту мақсатында жастар жолаушылармен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындады. 

Атаулы датаны кең көлемде тойлаған жамбылдық жастар «Менің сүйікті Қазақстаным» атты жастар әлеуметтік сурет-көрме акциясында ұйымдастырды. Акцияға этномәдени бірлестіктердің жастары қатысты. Мерекелік бағдарламамен жалғасын тапқан акцияда, барлық қатысушыларға  алғыс хаттар мен  естелік сыйлықтар табысталды.

Сұхбат

PhotoRoom