Жамбыл облысында жылына 1,2 млн тонна цемент өндіріледі

Аймақ
11.06.2016, 11:41

Жамбыл облысында Мыңарал цемент зауыты  «Мыңарал Тас компани» ЖШС-гі жұмыс атқаруда. Кәсіпорын M400-D20, M500 маркалы жоғары сапалы цемент өндіреді. Зауыт жылына 1,2 млн тонна цемент шығарады.

Жалпы құны 35 млрд теңгені құрайтын жоба индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Мыңарал ауылында жүзеге асырылды. Осы жобаның жүзеге асырылуына «Vicat Group» француз компаниясы қатысты,-деп хабарлайды zhambylnews.kz.1464153747_foto-mynaral-cement-zavoda

Бүгінде, зауыт өңірде табысты жұмыс жасап жатқан ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өндіріліп отырған құрылыс өнімдерінің көлемі жыл сайын өсуде. Цемент зауыты қазіргі заманға сай технологиялармен жабдықталған.

Мыңарал цемент зауыты өз өнімдерін республиканың барлық өңірлеріне, сондай-ақ көрші Қырғызстанға экспорттайды.

Кәсіпорын жұмысшыларына қолайлы жағдай жасау үшін, аумағында арнайы балабақшасы, медициналық орталығы, кітапханасы, бильярд бөлмесі, мини – маркет дүкені, фитнес орталығы бар «Самал» қалашығы салынды. Тұрақты жұмыс орнымен 244 жұмысшы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, зауытқа өздерінің қызметтерін көрсететін мердігерлер арқылы, 200-дей жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылды.

Атап айтқанда, «Мыңарал Тас компани» ЖШС-гі ауыл тұрғындарының коммуналдық қызмет ақыларын төлейді. Кәсіпорын мектеп оқушыларын және жұмысшыларды тасымалдау үшін  көлікпен қамтамасыз етеді.

Еске саламыз, Мыңарал цемент зауыты 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында ашылған.

Сұхбат

PhotoRoom