Жамбылда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

Аймақ
11.06.2016, 14:40

Сайт (1)Бүгін Тараз қалалық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы-2016» байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

Елбасының бастамасымен 2014 жылдан бері өткізіліп келетін байқауға аудан, қаладан еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен отбасылар қатысып, үлгілі деген отбасылар іріктелініп алынды.

Отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған ұлттық байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Т.Рысқұлов ауданыныңсайт тұрғыны Құлпамышовтар отбасы жеңіп алды.

Ал І орын жеңімпазы – Мойынқұм ауданынан Бласовтар отбасысы иеленсе, ІІ орын жеңімпаздары Меркі ауданынан Көктеубаевтар отбасы мен Шу ауданынан Тлеуқұловтар отбасы және ІІІ орынды Тараз қаласынан Ащепковтар отбасы мен Жамбыл ауданынан Сәлемовтар әулеті лайық деп танылды.

Енді Астана қаласында қыркүйек айында өтетін республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына жамбылдық отбасы Құлпамышовтар қатысып, өңірдің намысын қорғайтын болады.

Конкурстың бас ұйымдастырушысы облыстық ішкі саясат басқармасы болып табылады.

.

Сұхбат

PhotoRoom