Алматыда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Аймақ
11.06.2016, 19:32

1465636285_1432967216_20150516140809Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде.

Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне құны 200,0 млн. теңгеден астам 220 тоннаға жуық ауыл шаруашылық тауарлары ұсынылуда. Атап айтқанда, 57,5 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой, шошқа), 16,2 тонна сүт өнімдері, 112,4 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімдері (картоп, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ, алма, қырыққабат, т.с.с.) бар.

Сонымен қатар, 33,9 тоннадан астам облыста өндірілетін басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкеге ұсынылуда (ара балы, құрт, ірімшік, макарон өнімдері, өсімдік майы, т.б.). Жамбыл облысының тауар өндірушілері Алматы қаласының тұрғындарына өз тауарларын 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынуда,-деп хабарлайды zhambylnews.kz.

Сұхбат

PhotoRoom