Жамбылда мемлекеттік-жекешелендіру әріптестік жобалары оңтайлы жүзеге асып келеді

Аймақ
12.06.2016, 14:18

"Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы"   Заң ел экономикасын дамытып, кәсіпкерлік саласына да жаңа серпін бермек. Бүгін осы Заң жобасын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінде семинар өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен  мемлекеттік жекешелендіру әріптестік жобаларының сүйемелдеу орталығы мамандары қатысты,-деп хабарлайды taraztv.kz.

Жиында мемлекеттік жекешелендіру әріптестік жобаларының сүйемелдеу орталығы басшысының орынбасары Қайрат Иманберді өңір кәсіпкерлері мен  индустриалды-инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармасының мамандарына  өзекті тақырып бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын  жүргізді. Негізінен бұл жүйе осыған дейін бюджет есебінен жүзеге асырылып келген жобаларға инвестор тартуды көздейді. Мәселен, әлеуметтік бағдарламалар арқылы іске асатын мектеп, балабақша, емхана немесе инфрақұрылымдық жобаларға жеке қаржы құямын деген компаниялар шақырылады. Нәтижесінде, мемлекеттік бюджет жеңілдеп, жаңа жеке сектор нарығы құрылады. Әрі елімізде шағын және орта бизнеске азаматтардың қызығушылығы артады. Сондықтан облыста бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын дайындау мен оны жүзеге асыруда атқарушы орган өкілдеріне консультаивтік қолдау көрсетілуде.

"Облысымызда жергілікті мемлекеттік-жекешелендіру әріптестік жобаларын оңтайлы жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасымен бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен 2017 жылға жоспар бекітілді. Жобалар бойынша әріптестікті айқындау жөнінде облыстық деңгейде конкурстық комиссия құрылды",- деді Бекболат Орынбеков.

Сұхбат

PhotoRoom