Жамбыл облысының әкімі дарынды балалармен кездесті

Аймақ
13.06.2016, 21:35

1465821453_img_1516Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев өңірдегі дарынды балалармен жүздесті. Кездесуге республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері, ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары - жалпы саны 100 оқушы және олардың ұстаздары қатысты.

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады» - деп атап көрсетті. Сендер білімді, тәрбиелі болсаңдар - еліміздің ертеңі биік болады!,-деді кездесудің барысында Кәрім Көкірекбаев.

Халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 272 оқушының 137-і жеңімпаз атанды.

Оның: 63-і - Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда. 37-і - Республикалық пән олимпиадаларында. 17-і - Республикалық ғылыми жобалар жарыстарында. 3-і - Президенттік олимпиадада. 2-і - Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі олимпиадасында. 15-і– Республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар жарысында.

Республикалық пәндер олимпиадасының бес жыл қатарынан және ғылыми жобалар жарысының төрт жыл қатарынан қорытындысы бойынша облыс командасы командалық І-ші орынды иеленіп, «Ең үздік команда» атанды,-деп хабарлайды zhambylnews.kz.

Сұхбат

PhotoRoom