Жамбыл облысында 50 мың гектар қант қызылшасы егілді

Аймақ
13.06.2016, 21:38

1465552756_2Жамбыл аудандық егін шаруашылығында Қасымхан Қанаев басшылық ететін Бектөбе ауылындағы «Амангелді» өндіріс кооперативі таныстырылды, -деп хабарлайды«ZhambylNews.

Бүгінде жұмыс қарқынды жүргізілуде. Алқап тек жаңа технологиялардың көмегімен емес, қолдың еңбегімен де өңделуде. Қол еңбегі сапалы өнім шығаруға  мол мүмкіндік береді.

- Үстіміздегі жылы 50 мың гектар жерге қызылша егілді. Қант қызылшасын өндіруде біз жүз пайыздық шығымы бар нәтиже беретін француз технологиясын пайдаланамыз. Тұқымдардың арасы 16-20 сантиметр болуын да жіті қадағалаймыз. Егістің күтіміне мыналар жатады: жүйектер арасын қопсыту, суару, өсімдіктерге зақым келтіретін заттардан және аурулардан сақтау. Біз өнімді қант зауытына келісін 17 теңгеден өткізетін боламыз.

Биылғы жылы гектарына 200 центнерден аса қант қызылшасын аламыз деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, кооперативтің негізгі өнімі қант қызылшасы мен пияз болып табылады. Бұдан өзге қазір шарушылық көпжылдық шөптерді өсіруге, оның ішінде жем-шөптік жоңышқаны өсіруге мамандандырылуда.

Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 45 мың теңгені құрайды. Мұнда жалпы саны 13 ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылған, сондай-ақ, 6 жүк көлігі, 18 трактор мен 3 комбайн бар.

Сұхбат

PhotoRoom