Кәрім Көкірекбаев: Басты мақсат-қаржының уақтылы игерілуі

Аймақ
13.06.2016, 21:52

Жамбыл облысында қызметкерлер мен жұмысшылардың құқықтары қалай қорғалып жүр? Олар өз міндеттерін толыққанды біледі ме? Бірінші жарты жылдық аяқталуға жақын. Ал түрлі салаға бөлінген қаржының игерілу көрсеткіші қандай? Бүгін өткен облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде осы және өзге де мәселелер кеңінен қамтылып, жан-жақты талқыланды.

Облыстық еңбек инспекциясы еңбек ұйымдарындағы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалауда 66 заң бұзушылықты анықтады. Оның ішіндегі 44-і еңбек қатынастарына, 23-і еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға және екеуі қалыпты жұмысты қамтуға байланысты. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жасалған мониторнг негізінде 88 кәсіпорында жазатайым оқиғалардан жұмысшылар сақтандырылмағандығы, 6096 қызметкердің жұмыс уақыты толық еместігі, 100 еңбек ұжымының 27-ісінде ұжымдық шарттар жасалмағандығы белгілі болды. Еңбек ұжымдарында туындайтын даулардың негізгі себептерінің бірі – жалақының уақытылы төленбеуінен орын алады. Қазіргі таңда өңірдегі 8 кәсіпорында 3376 қызметкер тұрақты жалақыларына қол жеткізе алмай отыр. Жалпы кәсіпорындармен жалақыға қарыз сомасы -  325,2 млн. теңгені құраған. Бұл тұрғыда облыстық еңбек инспекциясы дәрменсіз борышкерлермен жұмысты күшейте түсу қажеттігі аңғарылады.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі

/Осы жерде сол басшылардың бәрі отыр. Алты айдың қорытындысы бойынша «Имстальком,» «Таласинвесткомпани» және «Жамбылгипс» үшеуі де айдың аяғына дейін бәрін төлеп, осыны толығымен орындайтын болайық!/

Аппарат кеңесінде облыс әкімі бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша түрлі салаға бөлінген қаржы көлемінің игерілу деңгейі қалай болмақ – деген сауалды ортаға тастады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының айтуынша, экономикаға әсер беретін салалар бойынша төмендеулер байқалған. Атап айтсақ, көтерме сауда – 77,5, бөлшек сауда – 98,5 пайыз, құрылыс – 58,9, ал байланыс – 92,8 пайызға шығып отыр.

Жомарт Әмірханов, Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

/Осы салалардың өткен жылмен салыстырғанда төмендеуіне сәйкес, жалпы өңірлік өнімнің көлемі төмендеу деп көрсетіліп отыр. Бірақ бұл 96 пайызы төлем жолымен істелген. 1 тоқсан бойынша қорытындысы жарты жылдан кейін ғана шығады, официальный данныйлары жоқ әзірге/

Өткен 2015 жылдың соңында облыстық басқармалардың көпшілігінде айтарлықтай қаржы көлемі игерілмей қалған болатын. Биылғы жылы ондай өрескелдікке жол берілмеуі тиіс екенін аймақ басшысы тағы бір рет ескертті.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі

/Тараз қаласының әкімі бар, басқарма басшылары, менің орынбасарларым, сіздер күнделікті қалам алып, әр сала бойынша өздерің қарап алыңдар! Қаржы берілді, оны игеруіміз керек!/

Кеңес отырысында мұнан өзге тағы бірнеше мәселе пысықталып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сұхбат

PhotoRoom