Жамбылда сербиялық вируссыз 125 мың түп алма көшеттері отырғызылды

Аймақ
16.06.2016, 00:02

1465539094_3Жамбыл облысында Сербиядан әкелінген вируссыз алма көшеттері  отырғызылып, өсірілуде, -деп хабаралайды  «ZhambylNews» ақпарат агенттігі. Жамбыл ауданындағы "Әулие ата Алма" шаруа қожалығы қарқынды (интенсивті) алма бағын өсіруді қолға алған. Жоба  "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы жүзеге асты. Көшетті ұсынған сербиялық «Euro Duo-Kalem Lazarevac» фирмасы.

-Бүгінде Сербяидан әкелінген 125 мың көшет отырғызылды. Сондай-ақ, тамшылатып суару және шпалер жүйесі, электр желісі жүргізіліп, су тартылды. Бесінші жылы бақтың әр гектарынан 50 тонна өнім жиналады. Егінжайдың жалпы түсімі 2, 5 мың тоннаны құрайды. Бақ 15 жыл қызмет етеді,-дейді  «Euro Duo-Kalem Lazarevac» компаниясының өкілі Рустам Ғанижанов. Бұдан басқа, өнімді сақтау үшін сыйымдылығы 2 мың тонна болатын жеміс-жидек қоймасын салу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 10 лизингалушылардың 50 га қарқынды алма бағын отырғызу өтініштері мақұлданған болатын. Жобаның жалпы құны-671, 1 млн. теңге. Бақтың жалпы көлемі-50 га. Алманың 4 түрі өсірілетін болады: Golden delicious, Idared, Granny Smith,  Gala. Көшеттің соңғы түрі ерте піседі, өнімді тамыз айында жинап алуға болады. Айта кетерлігі, алманың әр түріне 5 гектар жер бөлінген.

"Әулие ата Алма" шаруа қожалығының өнімдерін ел нарығына шығару жоспарлануда. Жоба аясында 30-40 жұмыс орны ашылады.

Сұхбат

PhotoRoom