Жамбылда бес спортшы Рио- де- Жанейрода өтетін олимпиадаға жолдама алды

Аймақ
27.06.2016, 19:01

4062Жамбыл облысының 5 спортшысы Рио- де- Жанейрода өтетін олимпиадаға қатысады. Спортшыларды бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдап, сәттілік тіледі.

Биыл Рио-де Жанейрода өтетін 31 жазғы олимпиада ойындарына бокстан 1988 жылы туылған Олжас Сәттібаев, дзю-додан 2015 жылы Әлем чемпионы Елдос Сметов қатысады. Ал 1990 жылы туылған Михаил Красилов жеңіл атлетикадан, Азиялық олимпиадалық квалификациялық  турнирінің күміс жүлдегері Руслан Жапаров таеквондодан бақтарын сынамақ.  Сонымен қатар 15 жазғы Паралимпиада ойындарына лицензия алғандардың қатарында жерлесіміз Бүкіләлемдік ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина бар. Бүгін облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев спортшылады арнайы қабылдап, сәттілік тіледі,-деп хабарлайды zhambyl.gov.kz.

-Өздеріңіз білесіздер қасиетті Әулиеата өңірінен шығып, атымызды әлемге танытып жатқан спортшыларымыз жетерлік. Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов,  Ислам Байрамуков, Бахтияр Артаев, Марат Мәзімбаев-барлығы да біздің жерлестеріміз. Мен сіздерге жарыс жолында үлкен жеңіске қол жеткізулеріңізге тілектеспін. Байрақты бәсекеден жүлделі оралатындарыңызға сенемін,-деді аймақ басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom