Жамбыл облысының әкімі егін жинау науқанының барысымен танысты

Аймақ
29.06.2016, 00:42

1466999793_img_3835Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев Т.Рысқұлов ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік нысандар мен егін жинау науқанының барысымен танысты.

Арнайы топ алдымен Өрнек ауылдық округіне  қарасты Әбжапар ауылдық медициналық пунктінде болды. 2010 жылы салынған амбулаторияда 4 қызметкер жұмыс істейді. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмекпен, арнайы құрылғылармен жабдықталған.

Сапар барысында облыс басшысы құрылысы жүріп жатқан Қызылту орта мектебін аралап көрді. Бүгінде мұнда 300 адам еңбек етуде. Нысан осы жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жұмыс сапары мұнан әрі Подгорное орта мектебінде жалғасты. Облыс әкімі бастаған арнайы топ ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, өңір басшысы аудандағы шаруалармен кездесіп, астықты жинау науқанымен танысты. Жұмыс сапары соңында К.Көкірекбаев тиісті сала басшыларына салынып жатқан құрылыс нысандарының кестеге сай уақытылы тапсырылуын және сапалы соғылуын қадағалауды тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom