Жамбыл облысының әкімі журналистерді марапаттады

Аймақ
29.06.2016, 23:14

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесіне орай, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев өңірдің ақпарат кеңістігін дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар журналистері  қабылдап, оларға сый құрмет көрсетті.

Қағаз бен қаламды жанына серік еткен тілшілер қауымы үшін, бүгін - ерекше күн! Жеңісті еңбектерінің жемісін жейтін, мерейлері асқақтап, сый құрметке бөленетін күндері. Жыл бойына атқарған жұмыстарына талдау жасап, саралап - сараптайтын, жан-жақтан қошемет көрсетіп, марапаттайтын күн. Өңірдегі газет-журнал мен теле және радио арналарының, сондай-ақ, республикалық басылымдар мен арналардың облыстағы меншікті тілшілерінің басын қосқон кездесуде аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев төртінші билік өкілдерін төл мерекесімен құттықтады. Әлеуметтік-экономикалық, өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс және басқа да салалар бойынша жетістіктерге тоқталды. Осының бәрінің басы-қасынан табылатын өздеріңіз деп Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ерекше ілтипат көрсетті.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі

/Облыстың экономикасы жылдан жылға өсіп келеді. «Қазақстан – Тараз», «Ақжол», «Знамя труда», «АрАй», тағы басқаларының барлығын мемлекеттік тапсырыс арқылы көмектесіп жатырмыз. 90 жылдары аудан әкімі болып істегенімде, кезекті бір сессияда облыс бюджетінде 3 млрд. теңгені бекіткенді де көргенмін. Оған қарағанда, қазір облыс бюджеті 202 млрд. теңге. Мұның бәрі Елбасының дана саясатының арқасында болып жатқан жағдайлар/

Облыстағы ақпарат саласының дамуына үлес қосып келе жатқан бірқатар журналистерге Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаты табысталды. Олардың қатарында «Қазақстан - Тараз» телеарнасы директорының орынбасары, бас редакторымыз Алпамыс Қазыбаев та бар. Сондай-ақ, «Облыс айнасы» номинациясы бойынша облыс әкімінің сыйақысымен «Ақжол», «Арай» газетінің редакциясы мен «Қазақстан - Тараз» телеарнасының басшылары марапатталды.

Биыл қазақтың үні - «Қазақ» радиосына – 95 жыл толып отыр. Осы радиоарнаның әуе толқыны арқылы Жамбыл облысының тыныс-тіршілігі мен ондағы әрбір жаңалықты қалт жібермей, халыққа жеткізіп отыратын қаламы қарымды журналист - Бақытжан Советұлы. Ол өзіне және әріптестеріне көрсеткен зор құрметі үшін аймақ басшысына ризашылығын жеткізді.

Жаңалықтың жаршысы саналатын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері күнбе-күн өз білім көкжиектерін кеңейтуге мүдделі. Себебі, журналистика қамтымаған сала, қалам тербемеген тақырып жоқ шығар сірә да. Сондықтан да, журналистің әмбебап маман иесі болуы заңдылық. Әріптестерімізге ойларыңыз шыңдалып, қаламдарыңыз ұштала берсін деген тілектеміз!

Сұхбат

PhotoRoom