Т.Рысқұлов ауданында туризм саласы дамымақ

Аймақ
29.06.2016, 23:20

493265778683182691530d1b7fabcf60Болашақта Тұрар Рысқұлов ауданы туристік орталыққа айналуы мүмкін. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Жарылқасын Айтақов  мәлім етті.

Аудан әкімі  өңірдегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында атқарылған жұмыс барысын баяндады. Баяндама негізінде  туристік нысандар орнатуға мүмкіндігі бар тарихи, киелі, табиғаты әсем орындардың фото-анотациялары дайындалып, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасының туризм бөліміне өткізілгенінен хабардар етті. Және басқармаға туристік саяхаттарды дамытуға қолайлы орындар туралы қосымша мәліметтер мен ұсыныстар ғаламтор желілері арқылы жеткізіліп жатқан көрінеді. Қазір де ауданның Қарақыстақ ауылдық округінде «Тау самалы» демалыс орталығы келушілерге қызмет көрсетіп келеді. Ол жерде қонақүйлер, асханалар, шомылатын орындар жұмыс істеп тұр. Енді жеке кәсіпкерлермен өзара келісім жасалынып, алдағы уақытта тауда және құмда да демалыс орындарын ашу ісі қарастырылуда – дейді аудан басшысы.

Жарылқасын Айтақов, Т.Рысқұлов ауданының әкімі

/Қазіргі таңда біз осы жеке кәсіпкермен жұмыс жасап жатырмыз. Атпен тауларды аралау, аудандағы жақсы-жақсы табиғатты көрсету мәселелері қолға алынуда. Біз «Шәушен» ШҚ-ның жоғары жағындағы тауларда шаңғымен сырғанау демалыс орындарын ашу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, тауларға экскурсия жасау мәселесі қолға алынуда. Одан басқа бізде құмда саяхаттар ұйымдастыру мәселесіне инвесторларды тартудамыз. Онда да көрсететін жақсы жерлер бар./

Сұхбат

PhotoRoom