Жамбыл облысында су шайып кеткен газ құбыры қалпына келтірілді

Аймақ
29.06.2016, 23:26

4073Жамбыл облысында су шайып кеткен газ құбырының тірегі қалпына келтіріліп, тұрғындар газбен қамтылды.

Талас өзеніндегі судың көптігіне қарамастан газ құбырын қалпына келтіруі аяқталды. Газ құбырын қайта жүргізу үшін 50- адам және 20- дан астам арнайы техника жұмылдырылған. Олар су жағалауына топырақ төсеп, барлық жұмыстарын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік ағымдағы жылдың 18 маусымында Талас өзенінен түсетін  су көлемінің артуына байланысты  Жамбыл ауданының Қызылқайнар, Жасөркен ауылдарына газ тасмалдайтын құбырдың тірегі  шайылып істен шыққан болатын. Салдарынан 650 үй  көгілдір отынсыз қалған.

Бүгінгі таңда Киров су қоймасынан Талас өзеніне келіп жатқан су көлемі секундына 85 куб текше метрді құрауда.  Ерік Көшербаев, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы  -Жұмысымызды тездетеміз. Бүгін бастап кеттік, ары кетсе 1 апта ішінде бітеді. Біз қазір Тараз қаласынан осы елдімекендерге сұйытылған газ жеткізіп отырмыз. Күніне бір рет газ тасымалдаушы транспорт келіп, қанша көлемде керек болса, жеткізіп беріп тұрмыз.

Сұхбат

PhotoRoom