Талас өзенінің деңгейіне қатысты жағдай Жамбыл облысы басшылығының бақылауында

Аймақ
30.06.2016, 20:05

20160628155201Талас өзенінің деңгейіне қатысты жағдай Жамбыл облысы басшылығының бақылауында. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы кезінде белгілі болды, деп хабарлады  pm.kz сайты.

Үкімет отырысы кезінде Кәрім Мәсімов Жамбыл облысының басшылығынан Талас өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты жағдай туралы сұрады.

«Киров су қоймасының жобалық қуаттылығы - 550 млн., бүгінгі таңда 518 млн. текше.  Киров су қоймасына секундына 96 текше су түседі, 100 текше су лықсиды, оның ішінде 85 текше метрі  Жамбыл облысындағы Талас өзені арқылы өтеді. Өткен жылы Киров су қоймасында 286 млн. текше метр су болды. Біз кесте жасадық, қыркүйек айына дейін Киров су қоймасы бойынша суды қалпына келтіреміз», - деді Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов Киров су қоймасына қатысты жағдайды ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевқа тапсырған еді,-деп хабарлайды inform.kz.

Бұдан бұрын, 18 маусым күні Жамбыл облысында Қызылқайнар ауылына жақын маңда Талас өзенінде су деңгейінің көтерілуінен өзен арқылы өтетін ортаңғы коммуналдық газ құбырының тірегі шайылып кетті. Оның салдарынан газ құбырының бір бөлігі суға құлаған, ал Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарының тұрғындары - барлығы 620 абонент газсыз қалған.

Сұхбат

PhotoRoom