Жамбыл облысы әлеуетін арттырып келеді - Кәрім Көкірекбаев

Аймақ
30.06.2016, 20:13

20160623144754Еліміздің оңтүстігіндегі өңірлердің бірі - Жамбыл облысы кезінде «үлкен химия өлкесі» деп аталатын. Қуатты химиялық зауыттар қаладағы негізгі кәсіпорындар болып, мыңдаған жамбылдықтарды жұмыспен қамтыды. Қазір де Жамбыл облысындағы фосфорит кені мен қайта өңделген фосфорит әлемдік химия өндірістері үшін, сондай-ақ, шетелдік инвесторлар үшін өте тартымты өнім болып отыр. Фосфориттен басқа, Жамбыл өңірі алтын мен уранға, көмір мен газға, барит пен қорғасынға, ас тұзына бай мекен. Мойынқұмның шөлінде тіпті мұнай мен алмаз кездестіре аласыз. Тянь-Шан тауының етегіндегі қолайлы географиялық мекені мен табиғи оазистер, құнарлы жері мен жайылымы Жамбыл облысын аграрлық саладағы да қуатты аймаққа айналдырып отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Жамбыл облысы тұтас Қазақстан секілді тоқсаныншы жылдардың қиындығын бастан кешіріп, кәсіпорындарын жапты, жұмыссыздыққа тап болды, аймақтан көшкендер көбейіп, халықтың денсаулығы нашарлады. 1995 жылы өңірдің жалпы ішкі өнімі 1990 жылдың жалпы ішкі өнімінің 61,4 пайызын құрады. Алайда, бүкіл қазақстандықтар сияқты, егемендікпен бірге, Жамбыл облысының да еңсесі көтеріле бастады. Қазір өңірде ірі индустриялық жобалар іске асырылып, жаңадан жұмыс орындары ашылып жатыр. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларында жаңа нысандар бой көтеруде. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автотрассасы бүкіл облыс арқылы бойлап жатыр. Жамбыл өңіріне тиесілі жол учаскесі 2015 жылы аяқталды.

2003 жылы облыс орталығы - Тараз 2000 жылдық мерейтойын атап өтті. 2015 жылы Керей мен Жәнібек хандардың ізі қалған көне қала Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шараны өткізді. 90 жылдары халық саны күрт азайған Жамбыл облысында қазір 1 млн 114 мың адам тұрады. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевпен әңгімесінен үзінді.

Сұхбат

PhotoRoom