К.Көкірекбаев: Жамбыл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығына бейім аймақ

Аймақ
01.07.2016, 00:11

IMG_4834Жамбыл облысы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығына бейім аймақ болып табылады. Бұл екі сала облысты өте үйлесімді түрде дамытып отыр. Соңғы бірнеше жылдың көрсеткішін алатын болсақ, аймақтық жалпы өнімінің көлемі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларының есебінен көбейіп отырған. Аймақтың жалпы өніміндегі 23 пайыз өнеркәсіп саласына тиесілі болса, 21 пайызы аграрлық саланың үлесі. Химия өнеркәсібі, тау-кен байыту және өңдеуші өнеркәсіп - біздің өнеркәсіптің дәстүрлі салалары. Өңірдегі ірі кәсіпорын - «Қазфосфат», «Жамбыл химия» кәсіпорнына қарасты мекеме. Соңғы жылдары фосфорға деген сұраныс азайып кетті, сондықтан да біз өндірісті қысқарттық. Бірақ, бұл дағдарыс мәңгілік емес шығар, сондықтан, жағдай жақсарады деп үміттенеміз. Аграрлы өңір болғандықтан, Жамбыл облысы су тапшылығын қатты сезінеді. Суаруға қажет судың 80 пайызын Қырғызстанның су тамырлары арқылы аламыз. Сондай-ақ, көршілес елдерден электр қуатын да тұтынамыз. Дегенмен, жаңа технологиялардың арқасында бұл мәселені шешіп жатырмыз,-деді аймақ басшысы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Сұхбат

PhotoRoom