Меркі ауданына жаңа әкім тағайындалды

Аймақ
01.07.2016, 00:13

1-4Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №223-ө өкімімен Өмірбеков Мейірхан Азатұлы Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды.

Өмірбеков Мейірхан Азатұлы 1969 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1992 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогикалық институтын «тарихшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Меркі ауданында «Большевик» колхозында жұмысшы болып бастаған.

1989-2001 жылдары Меркі ауданы Ақтоған ауылындағы №4 орта мектебінің мұғалімі, директоры, 2001-2007 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімдерінің меңгерушісі, 2007-2014 жылдары Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімі, Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2014-2016 жылдары аралығында Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Меркі ауданы - Жамбыл облысының 10 аудандарының бірі. Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. Шығысында Қырғызстан Республикасының Шу облысының Жайыл ауданымен, солтүстік-шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, оңтүстік-батысында Рысқұлов (бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі.

Сұхбат

PhotoRoom