Жамбыл жаңартылған энергия көздерін енгізуде көш бастап тұр

Аймақ
01.07.2016, 00:20

2a808f75ff907ef46dcceb197453ab03Жамбыл облысы жаңартылған энергия көздерін енгізу саласында көш бастап тұр. Тәуелсіздік жылдары ішінде облысымыз жаңартылатын энергия көздері саласында 8 нысанды пайдалануға берді. Олардың жалпы қуаты 78 МВт. Өткен жылы шетелдік капитал тарта отырып, Жуалы ауданында қуаты 50 МВт-ты құрайтын «Бурное Солар-1» атты  Орта Азиядағы ірі күн электр станциясын салдық. Енді жалпы қуаты 830 МВт-ты құрайтын тағы 15 жобаны іске қоспақпыз. Бұл біздің облыс тарапынан Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында «жасыл эокномиканы» дамытуға қосқан үлесіміз болады. Аграрлы өңір болғандықтан, Жамбыл облысы су тапшылығын қатты сезінеді. Суаруға қажет судың 80 пайызын Қырғызстанның су тамырлары арқылы аламыз. Сондай-ақ, көршілес елдерден электр қуатын да тұтынамыз. Дегенмен, жаңа технологиялардың арқасында бұл мәселені шешіп жатырмыз,-деді аймақ басшысы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Сұхбат

PhotoRoom