Жамбыл облысында жобалық құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды

Аймақ
01.07.2016, 00:27

2e2db4e4c16ed7226fceb00d85af825a_resize_w_520_h_Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдары ауданға инвестициялар тарту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі 28 млрд. 534 млн. теңгені құраса, 2015 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 34 млрд 659 млн. теңге инвестиция тартылды, немесе 24 пайызға өсім байқалады. Ал, 2016 жылдың 4 айында 2 млрд. 348 млн.теңге болды (Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 31,9 % құрады.) Инвестиция көрсеткіштерінің төмендеу себебі : «Азия газ құбыры» ЖШС-ң желілік және Луговой компрессор станциясындағы құрылыс жұмыстарының толық аяқталуымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, 2010-2014 жылдары бағдарламаның бірінші бесжылдығында ауданда жалпы құны 4,4 млрд. теңгені құрайтын екі инвестициялық жоба іске асырылған болатын.

Олар: 1.«Луговой Жылқы Зауыты» ЖШС-нің 30000 бас шошқа бордақылау кешені.Жобаның құны 3 млрд 400 млн. теңге. Жобалық қуаты жылына 3000 тн. шошқа етін өндіру. Бүгінгі таңда бұл кешен толық өндірістік қуатында жұмыс істеуде. 2015 жылы 1,7 млрд. теңгенің 3098 тонна шошқа етін өндірсе, 2016 жылдың 5 айында 873,7 млн. теңгенің 1445 тонна өнімін өндірді. 75 адам жұмыспен қамтылған.2015 жылы бұл шошқа бордақылау кешені 500 млн. теңге өзіндік қаржы есебінен 45000 басқа дейін ұлғайтылды. 2.«ЭнергоСтройПроект» ЖШС-нің «Қарақыстақ шағын су электр станциясы». Жобалық қуаты 2,3 МВТ/сағ электр энергиясын өндіру.Жобаның құны 1007,9 млн. теңге. Жаңадан 15 жұмыс орны ашылып, бүгінгі күні жоба өзінің толық өндірістік қуатында жұмыс істеуде.Су электр станциясы 2015 жылы 105,0 млн. теңгенің 7 млн. 500 мың кВт/сағ (7500 МВТ) электр энергиясын өндірсе, 2016 жылдың 5 айында 47,1 млн. теңгенің 3 млн. 271 мың 399 кВт/сағат (3300 МВТ) электр энергиясын өндірді.

«Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жобалық құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды.

Атап айтқанда: 1.2015 жылдың желтоқсан айында «GOLDEN COMPASS CAPITAL» АҚ-ның Қорағаты ауылдық округінің «Көкқия» шатқалында «Алтын өндіру» жобасы іске қосылды.Жобаның құны 3 млрд. теңге. Жобалық қуаты жылына 300 кг. таза алтын өндіру. Бүгінгі күні 150 адам жұмыспен қамтылған.

2016 жылдың 5 айында 750,0 млн. теңгенің 82,0 кг өнімі өндірілді. 2. Осы жылдың 1 тоқсанында «Луговой Жылқы Зауыты» ЖШС-ің «Мал шаруашылығына қажетті қоспажем шығаратын зауыты» жобасы іске асырылды.

Жобалық құны 435,0 млн теңге. Жобалық қуаты сағатына 15000 тонна құрама жем өндіру. Жаңадан 2 жұмыс орны ашылды.Одан басқа, 2016 жылдың 1 жартыжылдығына «Шаушен» шаруа қожалығының жобалық құны 300 млн. теңгені құрайтын «Қымыз өндіру, қымызбен емдеу кешені жобасы» ұсынылған болатын (жылына 110 тонна бие сүтін өндіру және өңдеу). Өкінішке орай, бұл жоба мақұлданбады»,-деп хабарлады аудан басшысы.

«Бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында 2017 – 2019 жылдары екі жобаны іске асыру үшін инвесторлармен жұмыс жүргізілуде. Жобаларға нақты тоқталатын болсақ:

Біріншісі, Электр қуатының баламалы түрін өндіруде үлкен әлемдік тәжірибесі бар белгілі Француздық «Фонрош» компаниясының қазақстандағы «Aguila Solar» ЖШС-нің (А.Момбеков) сағатына 24 МВТ күн сәулесі қуатын өндіру станциясын іске қосу жобасы. Жобаның жалпы құны 9,2 млрд. теңгеге бағаланған. Бұл мақсатқа 74 гектар жер телімі бөлініп, бүгінгі күні барлық жобалау құжаттары 100 % дайындалды. Компания басшылығы жоба бойынша құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың ІV-тоқсанында бастап, 2017 жылы толық аяқтауды жоспарлап отыр. Станция құрылысы басталғанда 50-60 адам жұмысқа тартылса, жоба толық іске қосылған кезде жаңадан 22 тұрақты жұмыс орнының ашылуы күтілуде. Екіншісі, Жаңатұрмыс ауылдық округі аймағында (жеке кәсіпкер Д.Еркебалановпен) неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру зауыты кешенінің» жобасы. Кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 10 000 тонна ет өндіру болып табылады. Жобалық құны 1 млрд. теңгеге бағаланған.

Аудан әкімдігімен Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағынан 80 гектар жер телімі бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде,-деп Ж.Айтақов брифингті қорытындылады,-деп хабарлайды Baq.kz.

Сұхбат

PhotoRoom