Жамбылда ҮИИД бағдарламасының екінші бес жылдығында 27 жоба іске аспақ

Аймақ
01.07.2016, 00:39

224fbe274c404309231e17b0f0397a31Жамбыл облысында Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасының екінші бес жылдығында жалпы көлемі 551 млрд. теңге болатын 27 жобаны іске асыру жоспарлануда. Шамамен 5,5 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Дәл биыл аймақта осы бағдарлама аясында жалпы көлемі 30 млрд. теңгені құрайтын алты жоба жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 435 жұмыс орны ашылы отыр.

Жамбыл облысы алыс-жақын шет елдерден инвестиция тартуды жолға қойған. Бұл үшін арнайы аймақтық кеңес құрылған. Нәтижесінде шетелдік инвесторлармен арада 17 жоба бойынша келісімге қол қойылған. Энергетика, химия, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы салаларында жүзеге асатын осы 17 жобаның жалпы құны 3,2 млрд долларды құрайды. 2015 жылы негізгі капиталға 82,6 млрд теңге сыртқы инвестиция тартылған. Бүгінде облыста Қытай, Ресей, Нидерланды, Франция, Чехия, Италия, Иран, Германия, Түркия, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері мен Малайзия елдерінің қатысуымен инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, бұл өңірде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бес жылдығында  іске қосылған кәсіпорындар 143,1 млрд теңгенің өнімін шығарып, өндірістің жалпы көлеміндегі үлесін 15,8 пайызға жеткізді. Сонымен қоса, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрды.

 

Сұхбат

PhotoRoom