Жамбылдағы «Тараздың химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында 16 жоғары технологиялы химиялық зауыт ашылады

Аймақ
01.07.2016, 01:23

de6585dec1ac00de3a6f9cfc05d42f09Президенттің Жарлығы бойынша Шу ауданында құрылып жатқан бұл жоба жүзеге асырылған уақытта өңірді ғана емес, Қазақстанның оңтүстігін дамытуға жаңа серпіліс бермек. «Тараздың химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Жоба «Самұрық-Қазына» қорының қатысуымен құрылуда. Жобаға салынған инвестиция 128 млрд теңгені құрайды, бүгінде инженерлік инфрақұрылымы жүргізіліп жатыр. Арнайы экономикалық аймақта жылына 2 млн тонна өнім шығаруға қуатты 16 жоғары технологиялы химиялық зауыт ашылады. Бұл зауыттар 25 түрлі өнім шығарады. Осы өндіріс ошақтарының айналасында индустриялық аймақтар пайда болып, онда қызмет көрсету саласында 100 шағын және орта бизнес субъектісі құрылады. Осылайша, тағы екі мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ. Қазірдің өзінде арнайы экономикалық аймақта өндіріс ашсам деген 5 тарап тіркелген. Олар инвестиция  көлемі 256,7 млрд. теңгені құрайтын жеті өндірісті іске қоспақ.

Сұхбат

PhotoRoom