Жамбыл облысында жыл басынан 82 білім мекемелері мемлекеттік аттестаттаудан өтті

Аймақ
01.07.2016, 18:52

SAM_0732Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша білімді бақылау департаменті басшысының орынбасары Нәметқұлов Амангелді Нәметқұлұлы айтты.

Оның айтуынша, облыс бойынша 2014 жылы барлығы 105 білім мекемелері мемлекеттік аттестаттаудан өткен.

Мемлекеттік атестаттаудан өткізілген осы мекемелер бойынша 65 әкімшілік іс қозғалған, 53 лауазымды тұлға мен 12 заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1930 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынған. Білім мекемелеріне 25 жоспарлы (Білім заңының орындалуы бойынша) 24 жоспардан тыс (азаматтардың арыз, шағымдары бойынша) тексерулер жүргізілген. Қорытындысында 26 әкімшілік іс қозғалып, 10 лауазымды тұлға және 16 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1110 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынған. 2015 жылы: Барлығы: 180 білім мекемелері мемлекеттік аттестаттаудан өткен. Колледждер (7) – аттестаттаудан өткені – 5, өтпегені – 2; мектептер (118) – (орта, негізгі, бастауыш) аттестаттаудан өткені – 77, өтпегені – 41. Бала-бақшалар – (55) аттестатттаудан өткені – 39, өтпегені –16. Мекемелерге 3 әкімшілік іс қозғалып 150 АЕК заңды тұлғаларға, 90 АЕК лауазымды тұлғаларға, барлығы 240 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынған (475680 мың тг.).

Департаментке облыстық, қалалық және аудандық прокуратуралардан жеке және заңды тұлғалардың - 12, департаменттер мен басқармалардан - 5, білім басқармасынан - 13 арыз-шағымдар қарастыруға жолдаған және облыстың заңды және жеке тұлғаларынан - 13 арыз-шағым келіп түскен. Олардың,    32 мектептерге қатысты, 3 колледждерге қатысты.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы    12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» №221 Заңының сәйкес 2015 жылы сұраныспен жүргізілген жоспарсыз тексерулердің саны – 35 болды.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы 82 білім мекемелері мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді.

Колледждер (4 (7) – аттестаттаудан өткені – 3, өтпегені – 1; мектептер (41) – аттестаттаудан өткені – 27, өтпегені – 14; балабақшалар (37 (34) – аттестаттау. өткені–27, өтпегені – 10.

Мекемелерге 5 әкімшілік іс қозғалып 15 АЕК заңды тұлғаларға, 105 АЕК лауазымды тұлғаларға, барлығы 120 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынған (254520 мың тг.)»,-деп мәлімдеді А.Наметқұлов.

 

Сұхбат

PhotoRoom