Жамбыл облысында 67 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді

Аймақ
02.07.2016, 01:19

1444283553_malyy-biznesЖамбыл облысында соңғы төрт жылда шағын және орта бизнестен түскен өнім көлемі 1,6 есеге көбейген. Бүгінде облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Өңірде жұмыс істеп тұрған 67 378 бизнестің 99,4 пайызы шағын кәсіпкерлікке тиесілі. Осы шағын кәсіпкерлердің 60 пайызы ауыл шаруашылығы мен сауда саласында жұмыс істейді. Жыл сайын аймақта тіркеліп, жұмысын бастайтын шағын бизнес иелері де көбейіп келеді. Бұл даму көрсеткіші Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетіп отырған қолдаудың арқасы дейді жергілікті кәсіпкерлер.

Мәселен, облыста «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған кезден бері кәсіпкерлердің 55 млрд. теңгені құрайтын 574 жобасы қолдау тапқан. Осылайша, 10 мың жұмыс орны сақталып, оның үстіне, 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылған.

Мемлекет басшысы ХХІ ғасырда Қазақстанды дамытудың басты құралы болады деп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Осы бағытта бүгінде аймақта тиісті жұмыстар атқарылып, шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасалуда.

Сұхбат

PhotoRoom