Таразда осы жылы 3 индустриалдық жоба іске асырылады

Аймақ
02.07.2016, 19:51

5a74d766c8927e028033e57453e0155bТараз қаласында ағымдағы жылы құны 10 млрд. 500 мың теңгені құрайтын 3 индустриялдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, онда 95 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады,-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтсақ: 2016 жылдың 2-ші жартыжылдығында "Казфосфат" ЖШС-нің "Минералды тыңайтқыштар зауыты" Тараз филиалы экстрационды фосфор қышқылын өндіретін (1-ші кезеңі) «ЭФҚ-1 технологиялық жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жобаның құны 7 700,0 млн.тенгені құрайды, кәсіпорынның қуаттылығын жылына - 220 мың тоннаға (2-есеге дейін) жеткізу көзделуде.  Бүгінде сақтау қоймаларын өзара жалғайтын арнайы құбырлардың Ресей елінен жеткізілуі күтілуде. 2-ші ғимаратта құрылыстық монтаждау жұмыстарының барысы  70%-ға жетіп отыр, бұл қоймада балқытатын екі реактор орнатылған. Фильтрлеу қоймасында қазіргі кезде қондырғыларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге жоба бойынша 75% тартылған инвестиция игеріліп отыр.

Екінші жартыжылдықтың тағы бір жобасы - «Жамбылгипс» АҚ №3 зауытының құрылысы, гипс және гипс өнімдерінің өндрісін кенейту және жаңа цехтардың құрылыстарын салу. Жобаның құны 1715,0 млн. теңгені құрайды. Жобаның жылдық қуаттылығы – 270,0 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларды және гипсті бұйымдарды өндіру болып табылады. 50 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда кальцит шығару цехы 90% біткен, қондырғылары толық орнатылып, ауамен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Құрғақ гипс цехының қаңқасы 70% шамасында аяқталған, негізгі қондырғылары жеткізілген, енді электрондық жабдықтары жеткізілгеннен кейін монтаждау жұмыстары басталатын болады. Құмды перлит цехының құрылыстық-монтаждау жұмыстары 65%-ды құрап отыр.

Үшінші жоба - "Бағұл" ЖШС  «Дәнекерлеу электродын шығарудың өндіріс қуаттылығын кенейту».  Жобаның құны 585,5 млн.тенгені құрайды. Жылдық қуаттылықты 2 мың тоннаға жеткізіп, 45 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Қазіргі жағдайы бойынша қондырғылар Қытай елінен жеткізіліп, қосымша цехтың ғимараты мен қоймалары 80%  салынып біткен. Бүгінде тәулігіне 4 тоннаға дейін электрод шығарылатын болса, өндіріс қуаттылығы арттырылғаннан кейін электрод шығару көлемі 2 есеге ұлғаятын болады. Шағырылған өнімдерді Оңтүстік Қазақстан облысына, Ресей Федерациясына, Қырғыз Республикасына және аймақтық өңірлерге өткізу көзделуде. Жоба 2016 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылады.

Сұхбат

PhotoRoom