В. Путин: Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан Н. Назарбаевтың үлесіне баға жетпейді

Жаңалықтар
07.07.2016, 00:02

20160706101535Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз құттықтауында екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне баға жетпейтінін айтты. Сондай-ақ ол Елбасының еуразиялық кеңістіктегі тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

«ЕАЭО көбіне-көп Сіздің жеке күш-жігеріңіз арқылы көпжақты ынтымақтастықтың әлемдік аренадағы елеулі беделге ие тиімді құрылымы ретінде бекіді. Сізбен достық қарым-қатынасымыздың және Ресей-Қазақстан байланыстарының бүкіл ауқымын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен сындарлы жұмыстардың жалғасатынына сенемін»,  - делінген хатта.

В.Путин Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақыт және мемлекеттік қызметте жаңа табыстар тіледі.

Сұхбат

PhotoRoom