Жуалылық «Burnoye Solar-1» ЖШС ЕХРО-2017 көрмесіне қатысады

Аймақ
18.07.2016, 15:38

1441967258kr1gdЖуалылық «Burnoye Solar-1» ЖШС ЕХРО-2017 көрмесіне қатысады. Бұл туралы төртінші билік өкілдері «Burnoye Solar-1» - дың басына барғанда хабардар болды.

Әлемдік стандартқа сай «Burnoye Solar-1» 2015 жылдан бастап энергия қуатын таратуға кіріскен. Тек Қазақстанда емес, бүкіл Азияда теңдесі жоқ күн электр станциясы қазір қуаты 50МВт болатын энергия өндіріп отыр.

«Біз келер жылы елордамыз Астанада өтетін халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға өтініш жібердік. Азиядағы энергия өндіретін бірден-бір ірі серіктестік болғандықтан оған толықтай мүмкіншілігіміз бар. 50МВт қуат көзін өндіреміз, ол дегеніміз тұтастай екі ауданға қуат көзін таратумен пара-пар», - дейді «Бурное» күн электр станциясының басшысы Иван Анатольевич.

Жуалы жеріне салынған күн электр станциясы  Самұрык Қазына Инвест және UGEL біріккен жобасының нәтижесі.

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы алаңқайда орналасқан күн электр станциясының аумағы 150 шаршы шақырым. Бұл станцияның дәл осы аймақтан орын тебуінің өзіндік мәні де бар, себебі Қаратау тауының жанында, яғни биігірек жерде орналасқаны бірінші оңтайлы тұс болса, екіншісі бұл ауданның ауа-райының қолайлылығы. Күннің күрт ысып кетуі тиісті мөлшерде электр қуатын өндіруге мүмкіндік бермейді. Керісінше, аздап соғып тұратын жел күн электр станциясы үшін тиімді екен.

Сұхбат

PhotoRoom