Жамбылда  «Серпін-2050» жобасымен 615 жас өзге облыстарда білім алуда

Аймақ
18.07.2016, 23:50

SAM_0907Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Саясат Есеев,  Қарағанды Болашақ академиясының профессоры Құрманғазы Сембиев, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы Шыңғыс Сүлейменов, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының прфессоры Сәуле Иксатова брифинг берді.

Брифингте Саясат Есеев  «Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі екенін айтты.  Ол жоба аясында еліміздің  оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған, жұмысшы  күшіне қажеттілік қалыптасып отырған солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде  тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Жоба биыл 3-ші  жыл жүзеге асырылғалы отыр.  Жыл сайын бұл бағдарламаға қатысатын оқу орындарының желісі артып келеді. 2014 жылы 25 колледж бен 7 жоғарғы оқу орны қатысса, 2015 жылы 33 колледж, 19  жоғарғы оқу орны қатысты. Ал биылғы жылы 30 колледжге 1050 мемлекеттік білім беру тапсырысы, 24 жоғарғы оқу орындарына 3162 мемлекеттік гранты бөлініп отыр», - деді Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында соңғы 2 жылда Жамбыл облысында оқуға қабылданған 615  белсенді жастарымыз бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында білім алуда. Бұл студенттердің 443-і жоғарғы оқу орындарында, 172-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуда.

Айта кетейік, Тараз қаласында жоғарыда аталған жоғарғы оқу орындарының базасында жобаға қатысу үшін конкурстық құжаттар 23-31 шілде аралығында қабылданады.

Сұхбат

PhotoRoom