Жамбыл жол бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы 40%-ға азайған

Аймақ
20.07.2016, 19:07

1469017934_sam_0920Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «ҚТЖ– Жүк тасымалы»АҚ-«ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы директорының орынбасары  Рысбеков Үмітбек Есмұратұлының қатысуымен брифинг өтті.

«Есеп беру аралығында жол бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының 12 оқиғасына жол берілген,2015 жылы 20 оқиға орын алған, 8 оқиғаға  немесе 40%-ға  азайған.  Бірінші жартыжылдықта жол берілген  ақаулар саны бойынша жол бөлімшесі шыдамдылықтың (толерантность)төменгі деңгейінде екенін айта кету қажет,ерекше  есептегі  ақаулар және  жұмыстағы ақаулар  саны  азайды, 0  өткен жылы  4  ақау  орын алған (3  ерекше  ақау  және  жұмыстағы  ақау -1). ерекше   есептегі  ақаулы оқиға 0/3; жұмыстағы  ақау 0/1; жұмыстағы қиындықтар  саны 6/9; Жұмыстағы  қиындықтар төмендегідей  жіктелді: пойыздардың  30 минуттан  1 сағатқа дейін  кідіріп тұрып қалуы- 2/3; малды басып кету– 4/5; жолаушылар пойызында  қос доңғалақты ауыстыру – 0/1;  Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының өзге де 6 оқиғасына  жол берілді, 2015 жылы  7 оқиғаға жол берілген: жағымсыз ауа-райы жағдайы (желдің екпіні 20 м/сек аса) 2/1; қозғалыс қауіпсіздігінің  өзге де бұзушылықтары 1/1; жолда адамды басып кету 3/3; ЖКО 0/2; Жеке шаруашылық бойынша қауіпсіздіктің бұзылу саны  сол деңгейде,3/ 3 оқиға, жұмыстағы ақаулар санының 0/1 азайғанын айта кету  керек. жұмыстағы  қиындықтар саны  3/2.   Қозғалыс шаруашылығы бойынша көрсетілген ҚҚ көрсеткішінің динамикасы  2016 жылдың 6 айының қорытындысы  бойынша  3 ранг деңгейін (жақсы) көрсетіп отыр»-деп мәлімдеді спикер.

Ү.Рысбековтың айтуынша, жұмыстағы  ақау санын төмендетуге  қозғалыс қауіпсіздігі саласында іс-шаралардың  тиімділігін анықтау және объективті баға беру,  жол берілген ҚҚБ жою бойынша  тиісті әрекеттер  жоспарының сапалы орындалуы және  олардың пайда болу  себептерін анықтау және  ҚҚБЖ талаптарын мүлтіксіз сақтау  есебінен  қол жеткізілді.  Семинар кеңестер өткізу арқылы  бөлімше(станса)қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін арттыру бойынша ұйымдастыру шаралары  қабылданды.Персоналмен өткізілетін техникалық оқудың сапасыз арттыру үшін техникалық сабақтарды  өткізу әдістері түбірімен өзгертілді,соның ішінде  іскери ойындар өткізіледі,практикалық сабақтар жүргізіледі.Әр мәселе бойынша  қажетті саланың тар мамандары  тартылды.Атқарушылық тәртіпке талапты арттыру, стансаның ТЖА және технологиялық процесі талаптарының бұзылу фактілеріне жол бермейтін жағдай жасау сынды бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу  үшін мақсаттар  қойылды. Өткізілді:- жұмысы пойыздар қозғалысымен байланысты  станса қызметкерлерімен қозғалыс қауіпсіздігін және  еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған  1 семинар-кеңес;

- стандартқа сай емес  жағдай  орын алғандағы персоналдың әрекет етуі бойынша 8 жоспардан тыс  техникалық сабақ;

- 4 көрнекі комиссиялық  айлық тексеру;

- стансалар мен жеке пункттерде 32 техникалық ревизия;

- стансаларда 18 тораптық кеңес;

- 32 селекторлық  кеңес (аптаны  қорытындылау, және  қозғалыс қауіпсіздігі күнін, көктемгі  комиссиялық  тексеру өткізу);

- пойыздар  қозғалысының қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге бағытталған 27 кеңес;

-  5 үйлестіру кеңесінің  отырысы;

Малдың  жолға шығып кетуінің қайталуына жол бермеу үшін 3 айлық жарияланды, қорытындысында келесі шаралар қабылданды:

- 2351 адамды  қамти отырып, теміржол  аумағында болу  кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы теміржол стансалары маңында тұратын  тұрғындармен  93 кездесу өткізілді;

- оқу орындарында  3281  оқушыны қамти отырып,37 кездесу  әңгімелесу  өткізілді;

- ЖІІБ,әскериленген  теміржол күзеті қызметкерлерімен бірге 112 рет  станса жолдарына  мерзімдік  рейдтік  тексерулер  жүргізілді, 47 тәртіп бұзушы анықталды,оның ішінде 39 адамға  жауапкершілігі туралы ескерту берілді, 8-іне 47 000 теңге  айыппұл салынды;

- теміржол аумағында  жүрудің  қауіпті екендігі туралы қосымша  11  ескерту  белгісі  орнатылды,23 белгі жаңартылды;

- ай сайын стансаларда КАТ жүргізу кезінде  ДУ-46 формасындағы  журналда  актілер  рәсімдей отырып, адамдардың теміржол арқылы  жиі өтетін жерлерінде дауысзорайтқыш байланыстың естілуі тексерілді.

Пойыздар қозғалысы кестесінің орындалуы:

Жалпы жүріп өткен  жолаушылар пойызы – 7 204, (оның ішінде кесте бойынша жүріп өткені– 7114 немесе 98,7%), өткен жылмен салыстырғанда  2,%-ға жақсарды.(Кешігіп жүріп өткен  пойыздар саны - 90, жалпы уақыт 27 сағат).

Жүк пойыздары

8 215 пойыз жөнелтілді,кестемен жөнелтілгені–8 215 немесе 100%,өткен  жылмен салыстырғанда  463 (5,3%) аз.

28 211  пойыз жүріп өтті, оның ішінде  кестемен  жүріп өткені– 27 822  немесе  98,6%, 2015 жылы  2 209 пойызға  (6,7%)  аз.

Сұхбат

PhotoRoom