АҚШ елшісін қабылдаған әкім

Аймақ
11.07.2014, 13:02

 

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Америка Құрама Штаты елшісінің орынбасары Майкл Клеческиді қабылдады. Кездесуде елшінің орынбасары мен аймақ басшысы екіжақты байланыстардың болашағы турасында әңгіме өрбітті.

Қадірлі мейман Маңғыстаудың қай салада болмасын дамып келе жатқанына тоқталды. Әсіресе, инфрақұрылым мен білім саласына аса мән беріліп жатқандығын сөз етті, деп хабарланған Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтында.

«Біз осыған дейін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнату бағытында ғана жұмыс жасап келсек, енді әр елдің мәдениетімен, жалпы ерекшеліктерімен танысуды көздеп отырмыз. Бұдан былай біз әр аймақта білім саласының, туризмнің, бизнестің дамуына да өз үлесімізді қосқымыз келеді. Қазақстандық жастар Америкада «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, мол тәжірибе жинақтауда. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жалпы бұл жолғы кездесу аймақтар арасындағы әріптестікті одан әрі жандандыруға мүмкіндік бермек»,- дейді АҚШ елшісінің орынбасары.

Сөз соңында М.Клечески Маңғыстау өңірінің өркендеп, өсіп келе жатқанына оң бағасын беріп, мүдделес мемлекеттер үшін іскерлік, мәдени-рухани байланысты дамыту қай жағынан да тиімді екенін атап өтті.

 

Сұхбат

PhotoRoom