Жамбылда интенсивті алма бағы дамытылуда

Аймақ
23.07.2016, 23:23

18Мемлекет тарапынан қазіргі таңда өнімді көп беретін, бірақ суды аз қолданатын жеміс-жидектерді егуге үлкен қолдау бар. Бұл бағытта Меркі ауданында былтырғы жылдан бастап Интенсивті алма бағын егу жұмыстары кең көлемде қолға алынды. Солардың бірі «Совет» шаруа қожалығы.

Интенсивті алма бағын ауданда алғашқылардың бірі болып еккен Совет Қалманбетов. Еңбеккер өткен жылдан бастап 20- гектар жерге алманың 3-сортын екті. Түрік технологиясы бойынша өсіріліп жатқан алмалардың бойы аласа болып келеді. Бірақ, соған қарамастан өнімді де көп береді. Бұл 20-гектар жерде қазір 50 000 – түп тал егілген. Тұрақты түрде 20 – 30 адам жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде осы салада бірнеше жыл жұмыс істеп жүрген жандар бар.

Вайда Тутадзе,  жұмысшы  /Алма егу ісімен 20- жылдан астам уақыт айналысып келеміз. Бұрын осы маңда көптеген алма бақтары болатын. Бір кездері жойылып кетті. Қазір қайтадан қолға алғаны дұрыс болды. Еңбек етіп жатырмыз/        

Intensive_apple_orchardБылтыр еккен талдардың биыл, яғни бір жыл ішінде өнім беріп жатқандығы қуантады. Оның барлығы да жақсы күтімнің арқасы дейді шаруашылық жетекшісі. Өйткені, алманың түбіне арамшөп шықпас үшін көбісі дәрі шаша салады. Ол алманың дәмін кетіреді. Ал, біз дәрі шашпаймыз. Алма түбіне шыққан арамшөптің барлығын өзіміз қолмен жұламыз, қолмен қопсытып отырамыз. Сондықтан да алған өніміміз сапалы, әрі дәмді болады дейді ол.

Совет Қалманбетов, «Совет» ШҚ жетекшісі /Тамшылатып суару жүйесінің тиімділігі зор. Бұл арқылы тек суғарып қана қоймаймыз. Дәрі де бере береміз. Оның үстіне алманың түбіне су тамып тұрған жақсы, арықпен аққаннан көрі/

Совет Қалманбетовтың интенсивті алма бақ егу жұмыстарын қолға алғандығы үшін мемлекет оған үлкен көмек берді. Мәселен: тамшылатып суару жүйесін орнатқандығы үшін, сапалы алманың көшетін, алғандығы үшін, тіпті алма бағына мынадай алып тіреулер орнатқандығы үшін де мемлекеттен субсидия беріледі. Бұл біле білген адамға үлкен көмек дейді еңбеккер. Осындай жағдай жасалғаннан кейін біз еш алаңдамай тірлігімізді істей береміз дейді олар.

Сұхбат

PhotoRoom