Көріпкел азаматтарды құттықтаймыз!

Жаңалықтар
14.07.2014, 14:10

 

Сайт редакциясы 10-маусым күні, яғни дүниежүзілік доп додасының басталуына 2 тәулік қалғанда елімізге танымал тұлғалармен тілдесіп, қай құраманың чемпион болатынын болжатып көрген еді. Әр салада жүрсе де, бұл азаматтарды футбол біріктірді. Билікте жүргені де, оппозициядағысы да, мемлекеттік қызметкері де, қоғам белсендісі де іркіліп қалмаған еді. http://saigez.kz/?p=873

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаев «Интуицияма сенсем, Германия мен Аргентинаның бірі чемпион болатын сияқты» десе, Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының жетекшісі Берік Уәли (ол кезде ОҚО әкімінің баспасөз хатшысы) «Алтыннан басты үміткердің бірі — Аргентина. Менің болжамым бойынша, Бразилияда өтетін әлем чемпионатының жеңімпазы — Алмания құрамасы. «Футболды 22 ойыншы ойнайды, бірақ жеңімпаз әрқашан немістер болады»деген қанатты сөз тегін айтылмаған. Неміс машинасын биылғы біріншілікте тоқтату қиын болады. Месси мен Роналдо секілді көшбасшылары болмаса да, ұжымдық ойында немістерге тең келетін құрама аз» деп болжам жасаған екен. Ал белгілі журналист Арман Сқабылұлы «Меніңше, чемпион-Еуропадан келген команда болады. Германия мен Испанияның біреуі. Германияның мүмкіндігі жоғарылау» депті. Саясаткер Әміржан Қосанов қос финалисті Аргентина мен Германияны тек Бразилиядан кейінгі фаворит санайтындығын жеткізген болатын.

Біз болжамдары нақты келген азаматтарды ерекше атап өттік. Алдағы уақытта осы кісілермен кеңесіп тұрсаңыз, артық етпейді екен.

 

Сұхбат

PhotoRoom