Қала билігі инфраструктураны дамыту мәселелерін қарады

Аймақ
25.07.2016, 21:28

Қалалық әкімдіктің кезекті мәжілісінде білім беру мекемелерінің жаңа оқу маусымына дайындық, қалаға қосылған елдімекендердегі инфрақұрылым, көгалдандыру, қалаішілік жолдардың мәселесі қаралды.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осы жылы бекітілген кестеге сәйкес «Нұртас», «Қызылжар», «Ынтымақ» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында су жүйелерінің құрылысы туралы тиісті сала басшыларының қысқаша баяндамасын тыңдады.

Шаһар басшысы қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары үнемі қадағалануға алынуы тиіс екендігін айтты. Әрі ол үшін арнайы қоғамдық кеңес құрылып, атқарылған жатқан жұмыс бойынша бақылау шараларын жүргізіп отыру қажет екендігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, жиында «Самал-2», «Мирас», «Таскен» шағынаудандары мен тұрғын алабында газ  жүйелерінің, ал  «Қайтпас-1», «Достық-2», «Ынтымақ», «Ақниет» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында электр жүйелерін тарту туралы сөз болды.

Алқалы жиында,  қала әкімі шаһар көшелерінің бойында орналасқан нысандардың сырт келбетіне баса мән беруді және олардың айналасын заманауи, эстетикалық талапқа сай, бірыңғай жобаға келтіру керек екенін атап өтті. Шымқаланың көрікті орындарын, ондағы ұлттық дәстүр, мәдениет жаңалықтарын әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке кеңінен жариялауға тапсырма берді.

Сұхбат

PhotoRoom