Жамбыл облысында жол ақысы қымбаттамайды

Аймақ
25.07.2016, 21:32

1469447345_999Бүгін Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиев, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар Елубайқызы Олжабаева және Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары ДеметбаевҚадырбек Рахымбекұлының қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында спикерлер тілшілердің  сұрақтарына жауап берді,-деп жазады zhambylnews.kz.

Г.Олжабаеваның айтуынша, Тараз қаласында жол жүру тарифі, Тараз қалалық мәслихатының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 39-3 шешіміне сәйкес, Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылдың 26 наурыздағы № 247 қаулысымен тұрғындарға – 55 теңге, студенттерге – 50 теңге, 1-11 сынып оқушыларына – 25 теңге болып белгіленген. Осыған  орай, қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруде бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер қарастырылған:

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

-I топ мүгедектердің барлығы;

-II топ зағип мүгедектер;

- Көп балалы аналар «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «I-ші дәрежелі Даңқты аналар», «II дәрежелі Даңқты аналар»;

- Жамбыл облысы мен Тараз қаласының құрметті азаматтары және облыс пен қалалық ардагерлер  кеңесінің мүшелері;

- Ауған соғысының, Чернобыль Атом электростанциясы апатын жоюға қатысушылары мен мүгедектері және олардың жесірлері.

«Жоғарыда айтылып отырған жол жүру тарифін қайта қарау және қарастырылған жеңілдіктерді алып тастау туралы қалалық жолаушы тасымалы қызметімен айналысатын мекемелерден, облыс және қала әкімінің атына 2016 жылдың 25 наурызында хат түскен болатын. Осы хатта көрсетілген мәселелерді және хатпен бірге ұсынылған есептеулердің шындығын және жалпы жолаушы тасымалы қызметінде орын алып отырған жағдайды анықтау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топтың мүшелерімен, оның ішінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандары, Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, қоғамдық ұйым Ерікті ауған соғысының ардагерлері және «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС-нің мамандарының қатысымен ағымдағы жылдың  1 сәуірінен 28 сәуір аралығында қалалық бағыттардағы тасымалданатын жолаушылар ағымына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген зерделеудің қортындысына сәйкес есептеулер жүргізу үшін, Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне жолданды»,- деп жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Қадырбек Рахымбекұлы мәлімдеді.

«Біздің мақсат - тарифті көтермеу. Жамбыл облысы - төмен тарифті ұстап отырған еліміздегі жалғыз аймақ. Ең бастысы  жергілікті халықтың жағдайын жасау керек. Есептеулер тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізілді. Нәтижесі бойынша бүгінгі таңдағы жол жүру тарифі, яғни 55 теңге тасымалдаушылардың тасымалдаудағы шығындарын жаппай отыр. Есептеу қортындысы бойынша жол жүру тарифі 65 теңгені, ал қарастырылған жеңілдіктер алынып тасталмаса 70 теңгені құрап отыр. Себебі, бүгінде орын алып отырған әлемдік дағдарысқа байланысты соңғы жол жүру тарифі белгіленген 2015 жылдың наурыз айымен салыстырғанда автобустардың қосалқы бөлшектері 2-3 есеге дейін қымбаттаған. Осыған байланысты, алдағы уақытта қаламыздағы жолаушыларды қоғамдық көліктермен тасымалдауда қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде бағыттардағы жылжымалы құрамдар паркінің жаңалануын тиісті дәрежеде жүргізіп отыру үшін және жолаушыларды тасымалдауда техникалық жарамды автобустарды пайдалану үшін төмендегідей ұсыныс беріп отырмыз. Бүгінгі таңда белгіленген жол жүру тарифін 55 теңгені өзгеріссіз қалдыру, яғни бұл ретте  жолаушылардың барлығына 55 теңге, оқушыларға 25 теңге, ал қарастырылған жеңілдіктердің барлығын алып тастау туралы. Алынып тасталған санаттағы азаматтардың жол жүрудегі шығындарын бюджет есебінен өздеріне аударып беріп отыруды ұсынымыз»,- деп қала әкімінің орынбасары Ж.Сапаралиев брифингті қорытындылады.

Сұхбат

PhotoRoom