Лондон мэрі Шымкент әкімшілігі арасында байланыс орнатуға ниетті

Аймақ
26.07.2016, 15:22

әкімдер-640x371Лондонның жаңа мэрі Садик Хан Шымкент пен Лондон қалаларының әкімшілігі арасында байланыс орнатуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы Британия астанасы мэрінің Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа жіберген жеделхатында айтылған.

Қос тарап «ақылды қала» технологиясын дамыту және мегаполисті тұрақты дамыту бағыттары бойынша әріптестік орнатпақ.

Айта кетейік, Садик Хан 2016 жылдың 9 мамыры күні Лондон қаласының мэрі болып сайланған. Ол өз әріптестері арасында еңбекқорлық және дипломатиялық қасиетімен танымал.

Бүгінде Лондон – 8,6 миллионнан астам халқы бар әлемдегі ең үлкен мегополистердің бірі. Шаһар жаһандық қаржы орталығы атағы үшін Нью-Йорк қаласымен бәсекеге түсуде. Сонымен қатар, Британия астанасы туризм арқылы жылына 200 млрд доллар пайда табады.

Сұхбат

PhotoRoom