Шымкент басшысы жолдың сапасына назар аударды

Аймақ
26.07.2016, 15:45

жол-құрылысы-1-640x435Шымкент қаласының әкімі жаяу жүргіншілерге арналған жолдың құрылысымен танысты. Осы мақсатта Ғабидолла Әбдірахымов Түркістан көшесі мен Тәуке хан даңғылы аралығындағы жолдың бойын аралады.

Бұдан кейін шаһар басшысы Тәуке хан даңғылындағы жолдың жəне Дінмұхамед Қонаев даңғылы бойындағы қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы алдында салынып жатқан автотұрақтардың құрылысын тексеріп шықты.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау және жол қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін жолдар кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұл ретте облыстық және жергілікті бюджеттен 86,6 шақырымды құрайтын 96 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 миллиард 935 миллион 127 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар, 41 көшеге 43,5 шақырымды құрайтын аяқжолдарды салуға 580 миллион 700 мың теңге қарастырылған. Қазіргі таңда 44 көшеде орташа жөндеу және 6 көшеде аяқжол салу жұмыстары аяқталуға жақын.

Сұхбат

PhotoRoom