ОҚО-да «25 жылдыққа – 25 игі іс» аясында мүмкіндігі шектеулі 400 жан жұмыспен қамтылды

Аймақ
27.07.2016, 17:27

13735613_1020518138064525_914251831572079718_oОңтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа – 25 игі іс» шарасы жалғасуда.

Игі істер аясында «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде облыста 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, 100-ден астам мүгедек ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға тартылған,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұйымдастырылған 18 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі кезінде 416 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде, 280 мүгедек тұрақты жұмысқа, 25 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 6-уы қайта даярлау курстарына, 86-ы әлеуметтік жұмыс орындарына және 19 мүмкіндігі шектеулі жас жастар практикасына жолданды.

Мұнан бөлек, 1368 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік көмектер көрсетіліп, жыл басынан бергі жоспар артығымен орындалды.

Еске салайық, аймағымызда өңір басшысы Б.Атамқұловтың бастамасымен «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» шарасы бастау алып, өтуде.

Осыған орай, жоспарланған «Дені саудың жаны сау», «Әлеуметтік қолдау», «Отбасын қолдау», «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан!» және «Игі іс жасауға асық» атты бес түрлі айлық шаралары кезінде барлық салалар бойынша желтоқсан айына дейін игі істер ұйымдастырылып, өткізілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom