«Қапланбек» зауытында Оңтүстіктегі ең көне шарап сақталып келеді

Аймақ
27.07.2016, 17:32

00512Кеңес дәуірінде «Қапланбек» шарабымен танылған зауытта Оңтүстіктегі ең көне шарап сақтаулы. Бұл шараптың түрі «Херис»,  1965 жылдан бері еменнен жасалған бөшкеде сақталып келген. Соның арқасында ол өзінің дәмі мен түсін және хош иісін қалпында сақтап қалған деп айтады шаруалар.

Аталған Қапланбек шарап зауыты өзінің шарап сақтайтын қоймаларымен бүкіл елге әйгілі. Мәселен, қоймадағы үлкен бөшкелердің әрқайсысында 1 мың литрден аса шарап сақтаулы.

Мамандардың айтуынша, шарап түріне байланысты бір жылдан бірнеше жылға дейін бөшкелерде сақталады. Неғұрлым көп сақталған шараптың бағасы да солғұрлым жоғары болады. Дәл қазір бұл қоймада 1 миллион декалитр шарап бар. Әр шараптың сақталу уақыты түрлі болғандықтан, олар әр цехта бөлек бөлек сақталады. Сақтауға келмейтін шараптар да бар. Олар әзірлене салып бөтелкеге құйылып, сатылымға шығарылады. Ал маркалы шараптар06-018 қоймада 2-3 жыл сақталса, коллекциялы шараптар одан да ұзақ уақыт тұрады.

Айта кетейік, бүгінде «Қапланбек» шарап зауыты қайта жанданып іске өткен жылы қосылған болатын. Өндіріс орны күніне 40 тоннадан астам өнім шығарады. Мұнда  шараптың 9 түрі ашытылады. Яғни, «Қапланбек», «Жібек жолы», «Ркацители», «Тамада», «Талас», «Портвейн», «Кагор», «Саперави», «Херис» сынды жаңа атаулармен нарыққа шығады.

Қапланбек шарап зауытының жаңа өнімдерінің сапасы жағынан да, дәмі мен иісі жағынан да өте жоғары. Сондықтан бұл өнімдерге Алматы, Астана, Атырау қалалары мен  Ресей мемлекетінен сұраныстар келіп түсуде.

Сұхбат

PhotoRoom