Шымкентте терроризмге қарсы күрес күшейтілген

Аймақ
27.07.2016, 18:43

Облыс әкімінің тапсырмасына орай, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюповтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес тақырыбында жиын өтті.

Басқосуда құқық қорғау органдары саласының басшылары Шымкент қаласындағы жұртшылық көп шоғырланған орындардағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндады. Әрі, тұрғындарды қандай да бір террористік іс-қимыл болған жағдайда дер кезінде полиция қызметіне хабарлауға шақырды. Терроризмге қарсы күрес тек  құқыққорғау органдары қызметкерлерінің ғана міндеті емес. Бұл барша ел тұрғындарының жұмыла күресуімен ғана жойылмақ. Сондықтан өз ортамызда біздің амандығымызға жауапты қызметкерлермен бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет, – деді жиында бас қосқандар.  Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында 701 қоғамдық-әлеуметтік нысан бар. Осы аумақтардағы  тұрғындардың қауіпсіздік мәселесін тиісті құқыққорғау органдары өз қорғауына алған. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы арнайы бағдарлама шеңберінде осы орындарда  терроризмге қарсы күрес жайлы бейне түсірілімдер көрсетіліп, түсіндірме мәтіндері ілінген. Бұл туралы shymkenttv.kz хабарлады.

Сұхбат

PhotoRoom