Шымкент қалалық "Нұр Отан" алты айды қорытындылады

Аймақ
27.07.2016, 18:46

Атқарушы билік пен шенді шекпенділерден теперіш көрген қарапайым жұртшылық ақиқатты қашанда «Нұр Отаннан» іздейді. Елдегі ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге мүдделі іргелі Шымкент қалалық филиалы да алты ай бойы атқарған жұмыстарын баян етті.

«Нұр Отанның» Шымкенттегі филиалында шілденің 1-і күнгі мәлімет бойынша 21 045 партия мүшесі тіркелген. Жыл басынан бері партияға  2968 азамат қабылданыпты. Яғни, партия жақтастары күн санап артып келеді,-деді shymkenttv.kz.

Өмірзақ Мелдеханов – «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы

Басқа аймақтардан келіп есепке тіркелгендер саны 49. Жарты жылда 713 азамат партия қатарынан шығарылды. Олар өз еркімен партия қатарынан  шыққан. Немесе басқа қалаларға қызмет бабымен ауысып кеткен.

Қала тұрғындарының иек артатыны – «Нұр Отан». Былтыр бұл филиалдың қоғамдық қабылдау  бөлмесіне 1031 тұрғын шағымданып келген. Сондықтан Шымкент қаласы  облыстағы филиалдар арасында  «2015 жылдың ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» атанды. Биыл алғашқы жартыжылдықта 561 тұрғыннан өтініш келіп түскен.

Жиында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Әкімдер мен құқыққорғаушылар халықпен жиі кездесіп, олардың сұраныстарына назар аударса, ашық және жария жұмыс істесе, тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдар анағұрлым азаяды, - дейді филиал басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom