ОҚО әкімі Баян-Өлгейге жолға шыққан делегацияны қабылдады

Аймақ
27.07.2016, 19:30

13724998_1020594651390207_8795102197914897931_oБүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына жолға шыққан оңтүстікқазақстандық делегацияны қабылдады.

Құрамында журналистер мен дін өкілдері және белсенді жастары бар топ құрамына аймақ басшысы алғысын білдіріп, ондағы қандастарға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, дүйсенбі күні шекараның арғы жағындағы қандастарымызға облыс кәсіпкерлерінің демеушілігімен гуманитарлық көмек ретінде 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банка маринадталған қияр, 5000 дана шұлық және тағы басқа да азық-түлік тауарлары5555 артылған жүк көлігі жолға шыққан болатын. Бұдан бөлек, облыс тұрғындарынан жиналған 3 млн. теңгеге зардап шеккен 5 отбасыға тұрғын-үй салу үшін құрылыс материалдары сатып алынатыны да хабарланған.

Ал жолға шығып бара жатқан бұл топтың қоржынында негізінен, облыстағы аудандардан жиналған рухани дүниелер – кітаптар мен сурет картиналары сынды өнер бұйымдары, сондай-ақ, Оңтүстіктен шыққан отандық өнімдер бар. Шілде айының соңғы күндері Моңғолияда кездесетін өңір белсенділері көрші елдегі қандастарымызға материалдық жағынан ғана емес, рухани да қолдау көрсететін болады.

Сұхбат

PhotoRoom