Интерпол Ілиясқа іздеу жариялады

Жаңалықтар
14.07.2014, 14:35

 

Оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды, қылмыстық қоғамдастыққа араласты, заңсыз жолмен алынған қаражат пен басқа мүлікті заңдастырды деген күдік келіп отыр. Интерпол Храпуновтың баласы туралы білетіндердің бәріне хабарласуды өтінеді.

Бұған дейін Женева прокуратурасының Храпуновтар отбасын ақшаның ізін жасырды деген күдікпен тергей бастағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Храпуновтардың Credit Suisse және Schroder & Co Bank AG қаржы ұйымдарындағы есепшоттары түгел тоқтатылып, құжаттамалары тәркіленген. Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейлаға қатысты қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, иемдену, талан-таражға салу жолдарымен бюджет қаражатын жымқыру, қылмыстық табыстарды заңдастыру, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару деректері бойынша барлығы 24 қылмыстық іс қозғалған.

 

Сұхбат

PhotoRoom