Жамбыл облысында Ассамблея тарихына арналған көрме ашылды

Аймақ
27.07.2016, 22:53

1461243301_img_5325Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуовтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Онда ол Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды іске асыру бойынша «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» 4-ші реформасын іске асыру бойынша облыста атқарылған іс-шаралар туралы баяндады,-деп хабарлады zhambylnews.kz.

- Біртектілік пен бірлікті қамтамасыз ету бағыты бойынша жұмыс  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында іске асырылуда. Ұлт жоспары «100 нақты қадам » 4-ші реформасы  "Біртектілік пен бірлік" Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму концепциясы , қазақстандық бірегейлік дамумен қатар, мәдени саясат концепциясы негізінде жүзеге асады. Әртүрлі әлеуметтік топтарға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында насихаттау мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам » іске асыру маңыздылығын түсіндіру үшін 11 облыстық ақпараттық топ және аудандарда да осындай топтар жұмыс жасайды. Сонымен бірге  облыстық ҚХА жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық топ та араласуда. ғылыми-сараптамалық топтың 10 мүшесі аталған топтың қатарында. Ғылыми-сараптамалық топ облыста көшпелі кеңейтілген отырыстар, дөңгелек үстел мен БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша тұрғындармен  200-ден аса кездесу өткізіп, 5000-нан аса адам қатысты.Аталған топ «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында Мәдениет және спорт министрлігіне 2 ауқымды ғылыми жоба( «Ел бірлігі» және «Мәдени әлемі жолындағы ғаламтор») ұсынды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда ,- деп баяндады  облыс әкімінің орынбасары.

«Қоғамдық келісім» КММ музейінде Ассамблея тарихына арналған көрме ашылды. сонымен бірге  облыстық Ассамблея жанындағы журналисттер клубы мен «Әулие-ата» қазақ мәдени орталығының жастар ғылыми-шығармашылық орталығы белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom