Жамбылда «Ұлт жоспары» жобаларын іске асырудың тетіктері қаралды

Аймақ
27.07.2016, 22:56

1447993039_snimok1Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен актив жиналысында кеңінен талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов төрағалық еткен жиында аталған реформаны іске асыру бойынша ұлттық комиссия және арнайы ақпараттық топтар құрылып, арнайы жұмыстар қолға алынғаны сөз болды.

Жалпы, қазан айында Қазақстан республикасы мемлекеттік хатшысының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде № 8, 9, 10 өкімдері шыққаны мәлім. Оған «Болашаққа 100 қадам» медиа-жоспары, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспары және «Болашағы біртұтас ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанының республикалық іс-шаралар жоспары еніп отыр. Облыс активінің жиналысында  «Ұлт жоспары» жобаларын іске асырудың тетіктерін қарастырды.

Жалпы, реформаның басты міндеттерінің бірі – еліміздегі экономикалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын және мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Бұл туралы облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Ғалым Тұрсынбаев баяндап берді.

Ұлт жоспарында Заңның үстемдігін қамтамазы ету мәселесі 9 қадамда көрініс тапқан болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар жайлы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьсы Нүркен Бөлесбай айтып берді. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және ішкі саясат басқармаларының аталған реформа аясында атқарып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалып, жұмыс жоспарлары талқыланды.

Сұхбат

PhotoRoom