Жамбылда18 балалар өнер мектебі жұмысы атқарады

Аймақ
27.07.2016, 23:07

Жамбыл облысында қосымша білім беру ұйымдары жүйесінде 18 өнер мектептері  жұмыс істейді. Олардың бірі Қаратау қаласындағы МКҚК "Балалар өнер мектебі". Бұл мектептің тәрбиеленушілері соңғы бес  жылда 5 халықаралық, 49 республикалық 74 облыстық конкурстардың жеңімпаздары болып табылды, - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында 18 балалар өнер мектебі жұмысы атқарудаБалалар өнер мектебі балаларды эстетикалық тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Мектептің оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық базасы бар. Мектептің жалпы алаңы 1622 шаршы метрді құрайды, 24 оқу кабинеті бар. Барлық кабинеттер ресімделген және музыкалық құралдарымен жабдықталған.

Өнер мектепте бастауыш музыкалық, көркем және басқа да қосымша дамуға білім беру бағдарламалары іске асырылады.

Бүгінгі күні мектепте 3 бөлімше бар: көркем, музыкалық және хореографиялық. Музыка бөлімшесі музыкалық мектебтің бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Көркем - көркем мектептің оқыту бағдарламасы бойынша.

Балалар фортепиано, домбыра, баян және аккордеон классы бойынша оқиды. Жамбыл облысында 18 балалар өнер мектебі жұмысы атқаруда

Хореографиялық бөлімшенің сабақтарына арнайы жабдықталған зал бар.

Педагогикалық ұжым шығармашылық, өз қызметінде нәтижелілігіне бағытталған.

Мүғалімдер көптеген оқушыларды тәрбиелеп өсірген, олар осы уақытта музыкалық, көркем, хореографиялық білімдерің жалғастырып  еліміздің түрлі бұрыштарында және шет елдерде мамандар болып жұмыс істейді.

Көптеген түлектер өз мұғалімдерінің істерін жалғастыру үшін туған мектептеріне қайта оралған.

Облыс бойынша балаларға қосымша білім беру саласының көркемдік-эстетикалық, ғылыми-техникалық, спорт-техникалық, эколого-биологиялық, дене тәрбиесі-сауықтыру, туристтік-өлке тану, әскери-отан сүйгіштік және әлеуметтік-педагогикалық бағыттары бар.

Бүгінгі күні облыс бойынша балаларды қосымша білімнің барлық түрлерімен қамту 47,1% құрайды.

Сұхбат

PhotoRoom