Ел аралаған депутаттардың қарасы көп

Рейтинг
14.07.2014, 14:44

 

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының шекаралас Зайсан және Күршім аудандарының 15 елді-мекенінде сайлаушылармен 18 кездесу өткізді.

Бұл кездесулер Зайсан ауданының Зайсан қаласы, Айнабұлақ, Дайыр, Қуаныш және Қайнар ауылдарында, Күршім ауданының Сарыөлең, Бурабай, Маралды, Күршім, Құйған, Ақсуат, Теректі, Қалжыр, Боран, Қойтас ауылдарында өтті.

Депутатпен кездесуге келген тұрғындар кәсіпкерлікті дамытуға арналған несиенің қолжетімді болуын қамтамсыз ету, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, жол жөндеу, ауыз су, медициналық көмекті жақсарту, ауруханаларды күрделі жөндеу, елді-мекендерді газбен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар ашу, еңбек өтіліне байланысты ең төменгі зейнетақыны арттыру және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Сонымен бірге тұрғындар шекара маңындағы елді-мекендерді дамытуға назар аударуды сұрады.

 

Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов Павлодар облысындағы іс сапарлары шеңберінде «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалында азаматтарға қабылдау жүргізді.

Екібастұздықтар үшін ең өзекті мәселе – медициналық жәрдем қызметі болып тұр екен. Ол медициналық қызмет көрсетудің кепілді көлемін ұлғайту, дәрі-дәрмектердің сапасы, денсаулық сақтау мекемелерін медоргтехникамен қамтамасыз ету мәселелері.

Мәжілісмендердің қабылдауына келгендер мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті нақты қаржымен жасалғанын өтінді.

Сонымен бірге Екібастұздықтар қалада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналаған орталықтың жоқтығы мен өмірдің қиындығына ұшыраған әйелдерге арналған Орталық ашу қажеттігін мәселе етіп көтерді.

Екібастұздықтардың мәселелерін депутаттар бақылауда ұстап, бірқатары жергілікті жерде түсіндіріліп, кейбірі – сауал ретінде тиісті министрліктер мен агенттіктерге жіберілетін болды.

 

Сұхбат

PhotoRoom